Әріптес мерейі

292

0

Қазақ журналистикасы саласында елу жылға таяу еңбек етіп келе жатқан әріптесіміз Бейбітбек Бүркітбаевтың есімі аймаққа ғана емес, республика көлемінде де кеңінен танымал. Еңбек жолын аудандық газеттен бастаған ол бүгінге дейін республикалық «Заң», «Ана тілі», «Алтын орда», халықаралық «Қазақстан-Zaman» се­кілді беделді басылымдарда абыройлы  қызмет атқарды. Кәсіби журналист ретінде қоғамдағы қайшылықтарды, әлеуметті толғандырған өзге де өзекті тақырыптарды  көтеріп, айқын көзқарасымен танылды. Сол еңбегіне орай «Ақпарат саласының үздігі», «Қазақстанның құрметті журналисі» атанды.
Жуырда қарымды қалам иесі Бейбітбек Бүркітбайұлы «Қоғам­дық марапаттар мен атақтар жөніндегі республикалық кеңес­тің бұйрығымен «Қазақ журна­листикасының қайрат­кері» атағын иеленді.
Әріптесімізге әрдайым шығарма­шылық табыстар тілейміз.
«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<