Әріптестер топ жарды

221

0

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында журналистер қауымы қағаз бен қаламды допқа айырбастады. БАҚ өкілдері Жаңақорған ауданы әкімінің Кубогы үшін шағын футболдан өзара сайысты. Айта кету керек, облыстың бірнеше ауданында мұндай үлгідегі турнир ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Сайыста «Меншікті тілшілер», «Сыр медиа», «Жас тілшілер», «Qyzylorda арнасы», «Түркістан», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» командалары арасында тартысты бәсеке орнады. Ала доп аламанында «Жаңақорған тынысы» газетінің ұжымы І орынның биігін бағындырды. «Qyzylorda арнасы» ІІ орынды еншілесе, «Меншікті тілшілер» командасы үздік үштікті түйіндеді. Қатысушы командаларға да ынталандыру сыйлығы табысталды.
Дәулет ҚЫРДАН,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<