Өрт сөндірушілерге алғыс

1370

0

Шиелі ауданы «Ақмая» ауылдық округінде С. Мұқанов атындағы көшенің тұрғындары Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Шиелі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлеріне алғыс білдірді. Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержановқа «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Д.Жұмабековтің атынан мамыр айының басында өрт сөндіру барысында жеке құрамның жедел іс-әрекеті үшін ризашылық білдірген алғыс хат келіп түсті.
Сол күні ауа райы қолайсыз болды, – деп, тұрғындар еске түсірді – және өрт  аумақ бойынша тез таралып, ауқымды алаңды қамтыды. Үйлер арасы да жақын  болатын және біздің көшедегі барлық үйлер өртеніп кетуі мүмкін еді.
2018 жылы 6 мамырда сағат 16:55-де Шиелі ауданы «Ақмая» ауылдық округінің «Ақмая» шаруа қожалығының аумағында өрт туралы хабарлама «101»  байланыс пунктіне келіп түсті. Оқиға орнына жеке құрамның 10 қызметкері және 2 техника жіберілді. Келу уақытына қарай шөптер өртеніп, тұрғын үйлерге өрттің таралуы қаупі пайда болды.
Шиелі ауданы № 9 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі, өрт сөндіру жетекшісі С. Шаймерденовтің сауатты басшылығының, күштері мен құралдарының, жеке құрамның жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрт  тез арада оқшауланды  және жойылды.
 Шаруа қожалығының төрағасы алғыс хатта өрт сөндірушінің қызметіне ризашылығын білдіріп, өрт сөндіру бөлімінің әр қызметкеріне зор денсаулық пен табыс тіледі. Сондай-ақ «Өскен өңір» жергілікті газетіне «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы мен ауыл тұрғындары өрт сөндірушілерге 1000-нан астам шөпті құтқарғаны үшін және үйлерді өрттен қорғап қалғаны үшін алғыс білдірген  мақаласы жарияланды.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<