Рухани жаңғыру – ұлттық тәрбие бастауы

518

0

Рухани жаңғыру – ұлттық тәрбие бастауы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.

Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл бағдарлама – мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасының мақаласы маңызды саяси-идеологиялық құжат. Себебі бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылып отыр.Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының өн бойына алтын арқау болып өрілген.

Елбасы өз мақаласында қазақ халқы, жалпы қоғамымыз қалай ілгерілеуі керек деген күрделі мәселелердің тұщымды тұжырымын жасап, Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялаған болатын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттердіорындау бағытында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде.

Институтта жақында осындай іс-шараларды өткізетін арнайы «Рухани жаңғыру» қабинеті ашылды.«Рухани жаңғыру» кабинетінде «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың басты негізі»тақырыбында тренинг, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабынталқылауға арналған дөңгелек үстел, «Бірге оқимыз, бірге ойланамыз» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар және де тұрақты түрде Республикалық,облыстық, қалалық білім беру мекемелері және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын насихаттау мақсатында оқыту семинарлары мен іс-шаралар өткізілуде.

Жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындықты және ұмтылысты қажет етеді. Өйткені, бұл мәселе біздің ұлтымыздың болашағы мен рухани әлеуетіне тікелей қатысты. Біз, қазақ ұлты рухани жаңғыру арқылы өркениетті әлемнің ажырамас бөлігіне айналамыз. Бұл – біздің тарихи таңдауымыз.

Айдана ҚҰЛЖАНОВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша 

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру

 институтының бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<