Рудныйдағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты

93

0

Фото: Kazinform

Қайғылы оқиға «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ кенді дайындау және байыту цехында болды. Жөндеу жұмыстары кезінде ер адам ауыр дене жарақатын алды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Зауыттың баспасөз қызметі ақпаратты ресми түрде растады.

– Вагонаударғышты жөндеу кезінде жөндеуші слесарь өте ауыр жарақат алды. «ССТКББ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оларға қажетті көмек көрсетіледі. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтауда МАЭК кәсіпорнында жұмысшы қаза тапқанын жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<