«Ауыл күндері» байқауына орай «Руханият» орталығы алдындағы заманауи субұрқақ пен абаттандырылған аллея халық игілігіне берілді.
Ашылу салтанатында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құттықтау сөз сөйлеп, бұл игі іс – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елді мекендерді дамытуға бағытталған нақты тапсырмалары мен жүйелі саясатының ауданымызда нақты жүзеге асып жатқандығын атап өтті.
Сонымен қатар, аталған нысан облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан абаттандыру, көгалдандыру, көркейту жұмыстарының нақты нәтижесі екенін жеткізді.

Президентіміздің биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына сәйкес, ауданда ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың белсенділігін ынталандыру мақсатында «Ауыл күндері» байқауы бастау алды.
Ауқымды бастама – ауылдардың тіршілігін жандандырып, еңбек адамдарының еңбегін дәріптеп, бірлік пен берекені бекемдейтін шара. Байқау аясында әр ауылда абаттандыру, мәдени іс-шаралар, ауыл өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылып, жұмысшы мамандықтарының маңызы кеңінен насихатталады.
Бүгінгі байқауға Бәйгеқұм және Талаптан ауылдары қатысып, белсенділік танытты.
«Руханият орталығы» ауласын абаттандыру жұмыстарын «Бақыт» дара кәсіпкері жүргізді. Тамшылатып суару жүйесімен газон төселіп, субұрқақ, заманауи жарық шамдары мен демалыс орындықтары орнатылды.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.






