Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Жалағаш ауданында облыс әкімінің қолдауымен салынып жатқан, жалпы құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын «Руханият» орталығы ғимаратының құрылысымен танысты.
Азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарын біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият» орталығы жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.
Облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды бастамаға Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев оң бағасын берді.
Сондай-ақ, Жалағаш кентінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған 120 тұрғын үй құрылысы таныстырылды. Халыққа жайлы баспана құрылысына ризашылығын білдірген Қанат Шарлапаев, ауылдық жерлердеге мұндай бастамалар тұрғындар үшін жемісті болатынын жеткізді.
Жалағаш ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<