Румыния мен Грецияда орман өртеніп жатыр

448

0

Фото: euronews.com

Аптап ыстық пен желдің салдарынан Румыния мен Грецияда орман өрті өршіп тұр, деп жазады Euronews.

Аптап ыстық пен құрғақ ауа райы Румынияның бірнеше округінде орман өртіне себепші болды. Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың тұрғын үйлерге жетуіне жол бермеу үшін барынша тырысып жатыр. Өрттің орман алқаптары арқылы таралуына жол бергісі жоқ.

Нямц уезінің билігі бір уақытта бірнеше орман өрті шыққаннан кейін үш күн бойы жоғары дайындықта болды. Кейбір аудандарда су тапшылығы бар.

Грецияда өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайлар қызметі осы бейсенбіде Афины маңындағы орманда орналасқан XII ғасырдағы монастырьда ауқымды жаттығуларға қатысты. Мақсат — өрт қаупі жоғары маусымға дайындық, ол әдетте мамыр айында өтетін.

Алайда наурыз айының соңында елдегі температура Цельсий бойынша 30 градусқа жетіп, орман өрттері жоспарланғаннан бірнеше апта бұрын басталды.

Күн өткен сайын артып келе жатқан шамадан тыс ыстыққа байланысты Грециядағы орман өрттері де уқымды болып келеді. 2018 жылы Аттикадағы өрт соңғы 150 жылда ең қауіпті өрт ретінде тіркеліп, жүзден астам адамның өмірін қиған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<