Облыстың ауыл шаруашылығы саласында өзіндік орны бар «РЗА-Сүт» ЖШС 2010 жылы Индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылды.Цех 40-тан астам білікті қызметкерді жұмыспен қамтып отыр.
Бүгінде кәсіпорынның өндірістік қуаты күніне 30 тонна сүт өңдеуге жетеді. «Дәмді» брендімен шығатын сүт өнімдері Қызылорда облысы тұрғындарымен қоса көршілес өңірлерді де сапалы және қауіпсіз өніммен қамтамасыз етеді.
Өндірілетін өнім ассортименті кең: пастерленген және ультрапастерленген сүт, айран, йогурт, құрт, сары май, қаймақ, кефир және творог (ірімшік). Әрбір өнімнің сапасы мен қоректік қасиетін сақтау үшін ультрапастеризация әдісі қолданылады: сүт 140ºC дейін қыздырылады да, тез 15ºC-қа дейін салқындатылады. Цехтың сүт өңдеу кешендері заманауи қондырғылармен жабдықталған, бұл өнімдердің жоғары сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
«РЗА-Сүт» ЖШС — сапа мен сенімділіктің символы.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы






