Фото: Сырдария ауданы әкімдігі
Биыл Қалжан ауылы табиғи газға қосылды. Одан бөлек ауылдық фельдшерлік-акушерлік бекет күрделі жөндеуден өтті. Ал С.Сейфуллин ауылында биыл газдандыру жұмыстары басталды. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Қалжан ахун және С.Сейфуллин ауылының тұрғындарымен есепті кездесуде айтты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың әлеуетін арттыру үшін нақты тапсырмаларды жүктеді. Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аймақта қарқынды жұмыстар жүргізіліп, даму көрсеткіштері бойынша республикада алдыңғы қатардамыз. Өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы аймақ басшысы кеше Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте толық ақпарат берді. Барлық салада жетістіктер көп. Мұндай жұмыстар ауданда жүйелі жүзеге асуда. Оның ішінде Қалжан ахун ауылы биыл табиғи газға қосылды. С.Сейфуллин мен А.Тоқмағамбетов елді мекендерінде газдандыру жұмыстары басталды. Ауданда медициналық, спорттық нысандар жаңадан бой көтерді. Алдағы жылы электр желілерін жаңарту, ауыз су құбырларын ауыстыру жұмыстарын жалғастырып, басқа да жоспарлы жұмыстарды атқарамыз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Есепті кездесулерде тұрғындар инфрақұрылымдық, ауыл шаруашылығы, білім салаларына қатысты мәселелерді көтерді. Аудан әкімі барлық мәселе тұрақты назарға алынып, заңдылыққа сәйкес шешілу жолдары жүргізілетінін жеткізді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<