Сабақтан жиі қалатын балалардың дерекқоры құрылмақ

735

0

Фото: Ашық дереккөз

Қолайсыз отбасыларда тұратын және тәуекел тобындағы кәмелетке толмағандардың республикалық дерекқоры құрылмақ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген балалардың құқығын қорғаудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында жазылған.

«Қолайсыз отбасыларда тұратын, сондай-ақ отбасының цифрлық картасы шеңберінде балаларға қатысты өмірлік қиын жағдайдағы «тәуекел тобындағы» кәмелетке толмағандардың республикалық дерекқорын құру жөнінде ұсыныстар енгізіледі», — делінген құжатта.

Министрліктің мәліметінше, мына санатқа енетін балалардың республикалық дерекқоры құрылмақ:

— бұрын зорлық-зомбылық қылмыстары үшін сотталған адамдармен бірге тұратындар;

— олардың денсаулығына, өміріне және жыныстық тұтастығына қол сұғатын қылмыстардың құрбандары;

— кәмелетке толмағандар саудасының құрбаны болған және заңсыз ұрланған немесе елден тыс жерлерге көшірілген;

— тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар, ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдар, қамқоршылар және басқа туыстары тарапынан қатыгездікке ұшырағандар;

— өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасағандар;

— жүктілігі бар немесе түсік жасағандар;

— құқық бұзушылықтар жасау салдарынан профилактикалық есепте тұрған, сондай-ақ қайыр сұраумен, қаңғыбастықпен жүйелі түрде айналысатындар;

— дәлелді себептерсіз сабақтан жиі қалатындар;

— ойынға тәуелділігі бар (лудомания) балалар.

 kazbilim

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<