Садақ атудан сайысты

665

0

Бүгін Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Елорданың 25 жылдығына орай ұлттық спорт түрі – садақ атудан сайыс өтті.

Сайысты «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов ашып, барша қатысушаларға сәттілік тіледі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз қазіргі заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, ұлттық болмысымызды жаңғыртуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Осы ретте мереке қарсаңында өңірлік «Ассамблея жастар» ұйымы – ұлттық болмысты жаңғыртуға үлес қосуда. Жалпы дәстүрлі садақ атуды дамытуды қолға алу – ұлт руханияты мен саулығына жасалған жанашырлық деп білемін, – деді.

Ал Наман Ата спорт кешені садақ ату үйірмесінің жаттықтырушысы, жанбатудан Қазақстан бойынша бірінші орын иегері Жарқымбек Алмағанбетов садақ атудың денсаулыққа пайдасы зор. Бұл спорт түрі – омыртқаны шынықтырып, оның түрлі дертке шалынуының алдын алады. Бір садақ ату 20-дан аса килограмм жүк көтергенмен бірдей дейді.

Сайысқа оннан аса жас қатысты.Садақшылар 10 метрден 25 метрге дейінгі қашықтықта мергендік шеберліктерін сынасты. Жарыста үздік шыққан мергендерге арнайы дипломдар мен Қазақстан халқы энциклопедиясы және сыйлықтар табысталды.

Айта кету керек, Наман Ата спорт кешенінде аптаның бірінші, үшінші күндері сағат 16:00 – 18:00 аралығында садақ атудан тегін үйірме жұмыс істейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<