Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының хирург дәрігері Болат Маханбетияров бастаған ауруханадағы дәрігерлер кезекшілiк сәтiнде науқас балақайды аман алып қалды.
Әдеттегідей дәрігерлер ауруханадағы кезекшілiк кезiнде келiп жатқан науқастарға алғашқы қарау жүргiзiп, қажетті тексерулер мен іс-шаралар, арасынан стационарлық ем алу қажеттілерін жатқызады. Сондай сәттiң бiрiнде дәрiгерлерiмiз бiлiктiлiктерiн тағы бiр дәлелдедi.
Өткен тәуліктегi сағат 02:30-03:00 аралығында 8 айлық сәбидi жедел жәрдем бригадасымен көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткiзедi. Бала келiп түскенде мазасыздығы, құсуы, енжарлығы, кезеңді түрде аяқ-қолдарын бауырына жинап жылауы, үлкен дәреті қан болып шығуына шағымы болады. Анасы баласының ауруын әртүрлі тағамдарды бір мезгілде көп көлемде жеп қоюымен байланыстырған.
Бүлдіршін стационарға жеткiзiлiсiмен «iшек инвагинация, iшектерден қан кетумен асқынған» диагнозы қойылып, қажетті тексерулерден кейін ота алды дайындық жүргізіліп, операцияға алынады. Ота таңға дейін жасалады. Нәтижесiнде алтын қолды дәрiгерлердiң арқасында ота сәттi аяқталып, бала аман есен үйiне шығарылды.
Қазiргi таңда бүлдіршіннiң денсаулығы ақ халаттылар бақылауында.
Дәрiгер кеңесi:
– Балаларға қосымша тамақтандыру бастағанда бұрын-сонды берілмеген тағамдарын аз көлемді беріп бастап, үйрене бастаған кейін жаймендеп мөлшерін көбейтуге болады. Олай болмаған жағдайда жаңадан берілген тағамды қорыту мақсатында ішек қозғалысы күшейіп, өзінен кейін жатқан ішек бөлігінен ішіне еніп, инвагинация туғызу қаупі бар.
Сурет: inform.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<