Саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ету шарасы өтті

444

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Қызылорда қаласында бір топ зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, азаматтық қоғам белсенділері, Ассамблея мен этномәдени бірлестік өкілдері және жастар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, еске алу шарасына қатысты.

Жиналған қауым ұлт мүддесі үшін күрескен тұлғаларымыз бен ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шараға қатысушылар боздақтар рухына бас иіп, Сыр жұртшылығы атынан «Тағзым гүлін» қойып, боздақтар рухына құран бағышталды.

Аға буын өкілдері жастарға мемлекетіміздің туын биік ұстап, бейбіт күніміздің қадірін бағалау және өткен күннен сабақ алу қажеттілігі туралы өсиеттерін айтып тарқасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<