Бүгін ауданда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тағылымды іс-шара өтті.
Шара барысында өткен ғасырдың ең қасіретті кезеңдерінде жазықсыз жапа шеккен боздақтардың рухына тағзым ретінде 1 минуттық үнсіздік жарияланып, ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары С. Смағұлов, аудандық мәслихат төрағасы Ә. Қошалақов, ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Мереков, сондай-ақ қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, қоғамдық ұйым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және белсенді жастар қатысты.
Жиналған қауым XX ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси репрессия мен ашаршылық құрбандарын еске алып, сол кезеңдегі ұлт зиялыларының ерлігі мен қайсар рухын, ел үшін төккен тері мен жанкештілігін ерекше құрметпен еске алды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі






