Қазақстанның әрбір азаматының құқы, еркі қорғалған, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру. Бұл «AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасының басты мақсаты болып табылады.
Осы және өзгеде маңызды саяси өзгерістер туралы съезд делегаты Амитов Нұридин Егенбердіұлы медицина саласының қызметкерлерімен кездесу барысында баяндады.
«Еліміздегі бірнеше республикалық және қоғамдық ұйымдар алдағы өтетін Президент сайлауына үміткер ретінде Қ.К.Тоқаевты ұсынғаны белгілі. «AMANAT» партиясының съезінде партия төрағасы Е.Қошанов жоғарыда аталған кандидатураны ұсынып, съезд делегаттары аталған ұсынысты бірауыздан қолдадық. Сондай ақ коалиция ұйымдарының форумы ауызбіршіліктің, ыңтымақтастықтың демократиялық қағидалардың жүзеге асырылуы мен елімізде орын алып жатқан саяси реформалардың жалғасы деп айтуымызға болады.» деді Нұридин Амитов.
Елімізді орын алып отырған айтулы саяси өзгерістерді жаңашылдықпен қабылдаған сала қызметкерлері халықтың әл-ауқатын көтеруге ерекше басымдық беріп, бұл үшін көптеген жоба-жоспарларды жүзеге асырып жүрген Қасым Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын лайықты деп санап, оңтайлы пікірлерін білдірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<