Сайлауға отбасымен келіп, дауыс берді

947

0

Сырдария және Шиелі ауданы әкімдерінің сайлауы қыза түсті. Жергілікті тұрғындар саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасап, маңызды күнде дауыс беруде.
Таңнан бері учаскелерге асыққан алғашқы сайлаушыларға және тұңғыш рет дауыс берген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Сайлауға отбасымен келіп, дауыс берді


Маңызды күнде дауыс беру учаскелеріне отбасылармен бірге дауыс бергендердің үлесі жоғары. Олардың қатарында Әбсадықовтар отбасы бар. Шаңырақ иелері аудан үшін маңызды күнде балаларымен бірге келіп, таңдауларын жасады.

– Біз әрдайым сайлауға балаларымызды бірге апарамыз. Себебі өңір үшін маңызды күннен тысқары қалуға болмайды. Аймақтың дамуы өзіміз үшін керек. Туған жерін шексіз қадірлейтін азаматтар бақ сынап жатқан сәтте өз таңдауымызды жасауымыз керек. Бұл біздің шаңырақта дәстүрге айналды,-дейді Әбсадықовтар отбасы.
Сырдария ауданындағы №163 учаскеге тіркелген 83 жастағы қария сайлауға шөбересін ерте келді. Ол балаларымыздың келешегі үшін маңызды қадам жасау әрбір азаматтың парызы дейді.
Ал, Шиелідегі №365 учаскеде анасы мен баласы бірге дауыс берді.

Айта кетейік, Сырдарияда 22101, Шиеліде 50402 сайлаушы тіркелген.
Екі ауданда 58 учаскелік комиссия құрылып, 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады.