Сайлаушылар «AMANAT» партиясынан ұсынылған үміткерлерді таңдады

2066

0

Фото: Аманат партиясы

Жексенбі күні Қармақшы, Сырдария аудандарында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті.

Ауылдық округтерінде әкімдер сайлауы Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңының талаптарына сәйкес өткізіліп, сайлаушылар өздері қалаған кандидаттарға дауыс берді.

Нәтижесінде Қармақшының Қуаңдария ауылының әкімі лауазымына Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы сайланса, Сырдария ауданының Аманкелді

ауылында сайлаушылардың басым дауысымен Жаманкулов Зейнур Кайраддинұлы жеңіске жетті.

Партияластарды айқын жеңісімен құттықтаймыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<