264 сайлау учаскесінде жалпы 2670 сайлаушы бар. Тұрғындар белсенді қатысуда. Сайлау учаскесінің төрағасы Бек Тумырзаевтың айтуынша, сайлау учаскесі таңғы сағат 6-дан бастап өз сайлаушыларына есігін ашты.
- Таңғы сағат 6-дан 7-ге дейін бақылаушыларды тіркеу жұмысы жүрді. Сонан соң Әнұран шырқалып алғашқы сайлаушыларымыз өз таңдауын жасады, – деді төраға.
Оның айтуынша тұрғындар өте белсенді қатысуда. Сағат 11. 10-да 1004 сайлаушы дауыс беріп үлгерген. 7 адам үйден дауыс береді. Алғашқы сайлаушы 1945 жылы туған Өткелбай Шманұлы деген ақсақал болса, 18 жасқа енді толған Ақмарал Жеткергенова алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасаған. Бұл кісілерге сый-сияпат жасалды.
Сайлау учаскесінің маңайы мерекелік көңіл күйге бөленген. Ән әуелеп, тұрғындар мерекеге келгендей қуанышты күйде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<