Қызылорда облысы бойынша экология департаментінде 5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай салтанатты жиын өтті.
Жиында департамент басшысы Нұржан Өмірсерікұлы құттықтау лебізін білдірді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында сала ардагерлеріне, қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі, Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының марапаттаулары табысталды.
Атап айтсақ, саналы ғұмырында Сыр өңірінің экология саласын жандандыруда зор үлесін қосқан ардақты ардагер Сейтенов Сексенғали Сақтағанұлы «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсіби қызметінде белсенділік танытып, облысымыздың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өз үлестерін қосып келе жатқан Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің қызметкері Г.Үсербаеваға, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Р.Құрманбаевқа «Экология саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.
ҚР Экология және табиғит ресурстар министрінің «Құрмет» грамотасымен табиғат пайдаланушы мекеме өкілдері С.Сейсенбаев, К.Шалкибаев сондай-ақ, департамент қызметкерлері Б.Нұрмаханов, Р.Бекмырзаевқа және эколог – маман Д.Нурзадаева «Алғыс хатпен» марапатталды.
Мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастырып, ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкері Қызылорда облысының әкімі және Департамент басшысы Н.Өмірсерікұлының «Алғыс хатын» иеленді.
Сонымен қатар, Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері арасында 5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өткізілген «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты сурет байқауының жеңімпаздары Департамент басшысының «Алғыс» хатымен марапатталып, сыйлықтармен ынталандырылды.






