Ардагерлер Қазалы және Арал аудандарының мәдени-тарихи орындарын аралады

503

0

Облыстық орман, аң және балық шаруашылығы саласы бастауыш ұйымының ардагерлері Қазалы және Арал аудандарының мәдени-тарихи маңызы бар ескерткіштер мен кесенелерге барып, бабалар әруағына құран бағыштады.

Алдымен ардагерлер «Мүсірәлі әзіз» кесенесіне барды. Кесене Әйтеке би кенті іргесіндегі Алтай бекетiнде орналасқан мемлекет қорғауындағы архитектуралық ескерткiш болып табылады. Жол іргесіне жақын орналасқан кесенеге жолаушылар жиі аялдап, құран бағыштайды. Ардагерлерде кесене тарихы туралы азды көпті мәліметке қанық болып, бабаның әруағына арнап құран оқыды.

Мұнан соң, ардагерлер аудан орталығынан батысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан «Жанқожа баба» кесенесіне ат басын бұрды. Ескерткіш 1992 жылы халық батыры және көріпкел әулие Жанқожа Нұрмұхамедұлының құрметіне арнап қойылған. Ардагерлер киелі кесененің керемет көрінісімен танысып, батыр рухына арнайы құран бағыштады.

Сапар барысында ардагерлер Қазалы және Арал орман шаруашылығы мекемелеріне арнайы барып, орманшылармен кездесті. Мекемелердің орманды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу бағытындағы атқарып жатқан жұмыстарын көріп, материалдық техникалық базасымен танысты. Орманшы әріптестермен кездесуде ардагерлер өзара тәжірибемен бөлісіп, қызмет барысына сәттілік тіледі.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<