САЛА МЕН САПА

387

0

Елбасы биылғы Жолдауында құрылыс саласына мемлекеттік тұрғыдан бақылауды күшейтуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Парламент қарауына «Құрылыс туралы» жаңа Заң жобасы түсті. Өңірлік коммуникация­лар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Марс­бек Молдабаев жобадағы өзгерістер жайлы айтты.
Заң қолданысқа енгеннен кейін сәулет-құрылыс саласындағы нормативтер мен ережелер түбегейлі өзгеретін болады. Бүгінде басқарма тарапынан аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес саладағы бақылау-қадағалау қызметінің сапасын арттыру бағытында бірқатар ұйымдастыру шараларын жүзеге асырған.
Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы бас­қармасы басшысы айтуынша, облыстық бюджеттен бөлінген 30 млн 322 мың теңге қаржыға лаборатория автокөлігі, заманауи бақылау-өлшеу құралдары сатып алынған және мамандар арнайы киіммен, жеке қорғану құралдарымен жабдықталған.
«Жобалық кеңсе» бағдар­ла­масы аясында техникалық қа­да­ғалау сарап­шы­ларының айлық есеп­терін және мер­дігер мекемелер орын­даған құрылыс жұ­мыстары туралы актілерді электронды форматқа көшіру мақсатында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бас­қарма­сымен бірлесіп, «TexStroi-Smart» жобасы әзірленді.
Ал, облыстық жер қатынастары басқар­масының басшысы Шахмардан Қойшы­баев егістік жерлердің электрон­дық картасы әзірленетінін айтты.
– Елбасының цифр­лан­дыру тапсырма­сына сәйкес ауыл шаруа­шылығы тауар өндіруші шаруа­шы­­лықтардың егіс алқаптарын «QOLDAU» веб-пор­талына енгізу ар­қы­лы, егіс алқаптарының электрон­дық картасын әзірлеу тап­сырылған болатын. Алдағы уа­қытта барлық қолдаулар мем­лекеттік қызмет көрсету ар­қылы жүргізілмекші, – деді Ш.Қойшыбаев.
Шынар БЕКБАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<