«Саламатты жанұя» отбасылық сайысы өтті

258

0

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесіне орай Қызылорда облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Саламатты жанұя» ұранымен отбасылық сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты – прокуратура қызметкерлері арасында бұқаралық спортты насихаттау және қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Сайысқа облыстық және аудандық прокуратура қызметкерлерінен құралған отбасылық командалар қатысты. Олар: облыстық прокуратурадан 7, Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы ауданы прокуратурасынан 3 отбасы.

Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Бұхарбаевтар жанұясы (Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры), екінші орынды Мырзабаевтар жанұясы (Қазалы ауданының прокуроры) және жүлделі үшінші орынды Лекеровтер жанұясы (Облыстық аппараттың кеңсе қызметкері) иеленді. Жеңімпаздарға және отбасымен сайысқа қатысқан барлық балаға бағалы сыйлықтар беріліп, арнайы грамоталармен марапатталды.

Қызылорда облысының прокуратурасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<