Салтанат Нүкенованың өлімі: негізгі сот талқысы 27 наурызға белгіленді

477

0

Сурет: Zakon.kz

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша негізгі сот талқысы 27 наурызға белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот алқабилердің қатысуымен өтеді.  

«Негізгі сот талқысы (…) жалпы тәртіпте, алқабилердің қатысуымен тағайындалсын. Алқабилердің қатысуымен өтетін ашық сот отырысы 2024 жылы 27 наурызда сағат 10: 00-ге белгіленсін», – деді судья Айжан Құлбаева.

Сондай-ақ ол бірыңғай тізімнен алқабилер отырысына 300 үміткер негізгі сот талқысына шақырылатынын атап өтті.

«Сот ісін жүргізу тілі ретінде орыс тілі таңдалсын. Сотталушыға тағайындалған бұлтартпау шарасы сол күйінде қалдырылып, істі қарау кезеңінде, яғни іс сотқа келіп түскен күннен бастап алты айға дейін ұзартылсын», – деді судья.

Айта кетсек, 11 наурызда бірінші сот процесі өтті, онда мемлекеттік айыптаушы осы іс бойынша тергеу нұсқасын жариялады. Айыптау актісіне сәйкес, кісі өлімі болған күні (2023 жылы 8 қараша) Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова елордадағы концерттердің біріне барған. Сол арада олардың арасында жанжал болады. Өзара түсінбеушілікке қарамастан, олар одан әрі бірге мейрамханаға барып, ұрыс-керіс жалғастығын табады. Ақырында Салтанат Нүкенова мерт болады.

Айыпталушы мен оның адвокаттары да өз ұстанымдарын білдірді. Бишімбаев кінәсін мойындамайды және өзін алқабилер соттағанын қалайды. Ал адвокаттар айыптау бабын қайта қарауды талап етті.

2023 жылы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны хабарланды. Қайғылы оқиға елордадағы Bay мейрамханасында болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<