Салық базасын кеңейту мәселесі талқыланды

817

0

Бүгін қала әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен өткен мәжілісте бюджеттің кіріс бөлігінің өсуін қамтамасыз ету және салық салу базасының резервтерін анықтау, оны кеңейту мүмкіндіктері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов салық базасын кеңейту бағытында атқарылған жұмыстар және қосымша резервтер туралы баяндама жасады.

І тоқсан бойынша салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің жоспары өз деңгейінде орындалмағанын атап өткен қала әкімі қаланың салық базасын ұлғайту бағытындағы жұмыстарды жандандырып, бекітілген барлық салық түрлері бойынша жоспарланған межені толық орындауды тапсырды.

Келесі қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова салық салу базасын ұлғайту бағытында атқарылған жұмыстар барысын баяндады.

– 2023 жылдың 1 тоқсаны қорытындысымен жергілікті бюджеттің жоспары 128,2%-ға орындалып, бюджет түсімдерінің өсімі байқалған. Дегенмен, 2023 жылға бекітілген жоспарды өз деңгейінде орындау үшін алда атқаратын көптеген жұмыс бар. Салық базасын ұлғайту бағытында салаға жауапты бөлімдер мен кент, ауылдық округтердің әкімдері және кірістер органдары арасында айқын өзара бірлескен жұмыс жүргізілуі тиіс. Осы бағытта атқарылатын iс-шараларды тұрақты түрде бақылауды осы салаға жетекшілік ететін орынбасар Дінмұхаммед Ермековке жүктеймін, – деді Асылбек Өмірбекұлы.

Жиында қалалық бөлімдер, кент және ауылдық округ әкімдерінің бүгінгі көрсеткіштерін саралаған шаһар басшысы алда бюджетке түсетін түсімдер бойынша жоспарланған кіріс көзін сапалы әрі толық орындауды, салық берешектерді өндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<