«Самара-Шымкент» тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

684

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» тас жолының бірқатар бөлігінде дизельді көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың Арал ауданымен шектесетін Ақтөбе облысының ауа-райы күрт бұзылған. Онда қатқақ болуы мүмкін.

«Осыған байланысты 8 қаңтарда елорда уақытымен 23.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығына дизельді көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданының орталығына дейінгі аралықты қамтиды», – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<