Самара – Шымкент тасжолының екі учаскесі жабылды

318

0

Самара - Шымкент тасжолының екі учаскесі жабылдыТөтенше жағдайлар комитеті ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолының екі учаскесі жабылғанын ескертеді. Ешқандай көлік түріне жол жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«3 қарашада кешкі 20.00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қар, көктайғақ, қатты боран) «Самара – Шымкент» республикалық маңызы бар жолының учаскесі (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі 965-1240 шақырым аралығы) жабылды», – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті сонымен қатар, ауа райының бұзылуынан Самара-Шымкент республикалық маңызы бар жолының Ақтөбе облысындағы учаскесі де (Арал қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 1357-1240 шақырымы) жабылғанын хабарлайды.