«Самғаның» жұлдыздары жарқырады

785

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Самға» би тобы «Dance battle» республикалық шығармашылық байқауында бірінші орынды иеленді.

Аталмыш өнер сайысына Атырау, Ақтау, Түркістан, Шымкент қалаларынан барлығы 80-ге жуық шығармашылық топтар қатысты. Өнерпаздар әртүрлі жас ерекшелікте халық, қазақ және заманауи би жанрында өнер көрсетті. Қызылордалық өрендер қазақ биі «Жастық шаттығы» композициясын шебер сомдап, жоғары хореографиялық қабілеттерімен ерекшеленді.

«Самғаның» жұлдыздары жарқырады

«Бұл би арқылы оқушыларымыз халқымыздың салт-дәстүрлерін, мәдениетін көрсетіп, жігіттердің рухты қайсар мінезін сипаттады», – дейді топ жетекшісі Жұлдызай Мәуленова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<