Сапа мен қолжетімділік – жұмысты бағалаудың басты көрсеткіші

264

0

Әрбір адам өмірге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады. Сол себепті мемлекеттік қызметтерді көрсету – бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру мәселесі үнемі айтылып жүр. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді көрсететін органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және дамуына басты назар аударылып келеді. Әрбір көрсетілген қызметтің сапалы әрі жылдам болуы маңызды. Кез-келген қызмет беруші ұйымға мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы басты қағида болуы тиіс. Осылайша, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту арқылы өзекті проблемаларды шеше отырып, мемлекет азаматтардың сенім деңгейін айтарлықтай арттыруға қабілетті болып және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның аумақтық департаменттерінің негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет сапасын бағалау мен бақылау болып табылады.

Қазіргі таңда Агенттіктің бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауға мүмкіндік беретін «Digital agent» мобильді қосымшасы іске қосылған.

Мобильдік қосымшаның артықшылығы – қызмет алушылар сол мезетте мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, орын алған кемшіліктерге, қызметкерлердің іс-әрекетіне баға бере алады. Қазіргі таңда мобильдік қосымша арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталықтары, салық, кеден, сот органдарының, мектептер, балабақшалар, колледждермен көрсетілген қызметтердің сапасына баға беру мүмкіндігі бар.Алдағы уақытта әкімдіктер мен ҚР Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрлігі органдары қосылуы күтілуде.

Дегенмен, мобильді қосымша арқылы тек қана шағым емес жалпы қызмет берушілердің жұмысына қанағаттанып оң баға беріп жатқан қызмет алушылар да бар.

Бүгінгі таңда, аймақта осы мобильдік қосымша арқылы 900-ға жуық азамат қызмет берушілердің жұмысына баға берілді. Оның 700 ден астамы оң баға берсе, қалғаны орын алған кемшіліктер бойынша шағымдарын білдірген. Шағымдардың негізгілері – қызмет көрсетуші маманның орнында болмауы, кезекте ұзақ күту, мамандардың дөрекілігі болып отыр.

Облыс тұрғындарына «Электрондық үкімет» порталымен жұмыс жасауды үйрету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалымен бірлесіп 396 оқу курсы өткізілді,20196тұрғыноқытылды.Оқыту кезінде барлық қатысушылар электрондық цифрлық қолтаңбаменқамтамасыз етілді.

Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу және олардың сапасына шағымдану тәртібін түсіндіру бойынша 58 шара өткізіліп, 2400-ге жуық адам қамтылды. Облыс көлемінде 24 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізіліп, 3200азамат қажетті қызметтер мен ақпарат алды.

Бағалауды енгізудің әсері қандай? Мәселен, тиімділікті бағалауды енгізгеннен кейін өткен жылдар ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген қызметтер саны бірнеше есеге артты.

Сонымен қатар, тиімділікті бағалау мемлекеттік қызметтер көрсету саласын одан әрі дамытуға және әлеуметтік бағдарланған мемлекет құруға кедергі келтіретін кешенді проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалар белгіленуі, өз кезегінде ведомствоішілік тиімді үйлестірудің нәтижесі болып отыр.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болып қала беретіндігі анық.

Берікбол БАЙХОЖАЕВ,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет

істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша

департаменті басшысының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<