Сапа – жетістік кілті

252

0

Елімізде жыл сайын қараша айының екінші бейсенбісінде дүниежүзілік сапа күні аталып өтеді.  Айтулы күнге орай  техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаменті мен “Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” АҚ Қызылорда филиалы “Сапалы 100 жыл” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлер қатысқан басқосуда сапа менеджменті талқыланды.

Шараны техникалық рет­теу және метрология коми­те­­ті облыс бойынша де­пар­­таментінің басшысы Ер­қа­нат Кеулімжаев ашып, қаты­­­су­­­шыларды мерекемен құттық­тады.

– Дүниежүзілік сапа күні­нің мақсаты – ұсынылатын өнім­дер мен көрсетілетін қызмет­тердің сапасына жұрт­шы­лықтың назарын аудару. Демек, тауарлар  адам мен қоршаған ортаға қауіпсіз, тұтынушы сұранысына жауап беруі тиіс. Бүгінде елімізде өндірушілер сапа мәселесіне жіті назар аударуда. Бұл – кәсіпорындар үшін бәсекеге қабілеттіліктің алғашқы бастамасы. Сондықтан өндірушілер жоғары сапалы өнімді шығару мүмкіндігін көрсетіп қоймай, өнім сапасының үнемі жоғары екенін де дәлелдеуі керек. Сонда ғана біз халыққа таза, қауіпсіз өнім ұсына аламыз. Арамызда осындай сапалы дүние ұсынып жүрген кәсіпорындар жетерлік, – деді департамент басшысы.

Дөңгелек үстелде бірқатар кәсіпорын басшыларына “Сапа көшбасшысы – 2019” марапаты табысталды. Олардың қата­рында “Абай-Дәулет” ЖШС, “Бурение и К” ЖШС, “Байкен U” ЖШС, ЖК “Шалкибаев К” мекемелері бар.

Жиын барысында облыс­тың тауарлар мен көрсетілетін қыз­меттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департа­ментінің бөлім басшысы Динара Жаңабергенова өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелерімен таныстырса, “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы “Алтын сапа: жеңіске деген мүмкіндікті қалай арттыруға болады?” тақырыбында баяндама жасады. Мұнан бөлек, менеджмент жүйесіндегі бағдар­ланған тәуекелді ойлау, сапаны жақсарту үшін кәсіпорын қызметін үйлестіру тақы­рыптары қозғалды. Қаты­су­шылар пікірін білдіріп, ойларын ортаға салды.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<