Сақ болыңыз, көшеде «Аркан»!

899

0

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда қаласында стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды.  Осы ретте «Қоғамдық және жол қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесін орнату» жобасы бойынша автокөліктер ағымы басым көше бойларына жалпы саны 13 дана «АРКАН» құрылғысы қойылды.

Бұл камера екі бағыттағы  жылдамдықты түсіреді. Сонымен қатар нөмірлік белгілерді  машиналардың түсін, маркасын автоматты түрде тануды, жылдамдық артуын оптикалық тіркеп, учаскедегі трафикті есептейді.

ЖҚЕ бұзушылықтары туралы ақпарат, сондай-ақ нақты уақыт режиміндегі бейне автоматты түрде деректерді өңдеу орталығына жіберіледі. Айыппұл туралы ұйғарымдарды қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне (ЕАҚ) енгізіледі.

Аталған құрылғылар  тесттік режимде жылдамдық асырған 13500 мың жағдай анықталды. Құрылғыларды алдын ала қосу ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін жоспарланып отыр.

– Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын жол жүру ережелерін бұзбауды және белгіленген қозғалыс жылдамдығын сақтауды  ескертеміз, –деді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<