Сараптама тобы мониторингті бастады

334

0

«Нұр Отан» партиясының «Мектеп асханалары» партиялық жобасы аясында Қызылорда қаласындағы бірқатар мектептерге  облыстық ведомствоаралық сараптама топтың мониторинг жұмыстарын жасады.

Мониторинг жұмыстары барысында мектептердегі балалардың тамақтану сапасын, мектеп асханаларының тазалығы, мектеп асханаларындағы тамақтардың талапқа сай болуы, мектеп асханаларында тыйым салынған азық-түліктер мен тағамдардың тізімінің жариялануы бойынша, күнделікті тағамның мәзірі (меню) болуы, бракеражды комиссияның болуы және жұмыс жоспарының болуы бойынша мониторинг жұмыстары жүргізіледі.

Мониторингтің барысында мәзірдің бекітілмеуі, кейбір комиссияға қажетті құжаттардың болмауына байланысты ведомствоарлық сараптама тобының комиссия мүшелері тарапынан ескертулер болды.

Ведомстваралық сараптама тобының негізі бағыты балалардың дұрыс тамақтануы, денсаулығының мықты болуы.

Қатысушылар: Ведомствоаралық сараптама тобының мүшелері, Астана, Хабар телеарналары, Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, ата-аналар комитеті, ҮЕҰ төрағасы, облыстық, қалалық білім бөлімінің мамандары, облыстық партия филиалының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің консультанты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<