Сарбаздың өліміне қатысы бар азаматты ұстады

841

0

Қызылорда қаласында қаңтар айының 5 күні жаппай тәртіпсіздік орын алғаны белгілі. Мұның салдарынан полиция қызметкерлері жараланып,  5547 әскери бөлімінің сарбазы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 15) тармағымен (жаппай тәртіпсіздік барысында адам өлтіру)және Қылмыстық кодексінің380-1-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен (басқа адамдардың өміріне қауіп төндіріп әскери қызметшіні қазаға ұшырату) сотқа дейінгі тергеп – тексеру басталды, – деп хабарлады Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

– Полиция қызметкерлерімен жүргізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде жас сарбаздың өліміне қатысы бар, 31 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына  қамаққа алынды. Бүгінгі күні, іс бойынша тергеу жалғасуда және өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы, аумақтық комендант Сұлтан Бектөре.

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<