Сарыағашта 5 жастағы қыздың өліміне қатысты сот процесі басталды

342

0

Сурет ашық дереккөзден

6 қыркүйекте Түркістан облысында сот Сарыағаш ауданындағы бес жасар қызды қасақана өлтіру туралы істі қарауды бастады, деп хабарлады turkystan.kz.

Еске салсақ, 13 шілде күні ауыл тұрғыны 5 жастағы қызын талтүсте жоғалтып алған. Баласын шарқ ұрып іздеген ана қызын таба алмаған соң, полициядан көмек сұрайды. Қыздың мәйіті көрші үйдің шатырынан зорлық-зомбылық ізімен табылды.

Адвокат Талғат Есімов 6 қыркүйек күні процестің басталғаны туралы айтты.

Процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және үлкен резонанс аясында кез келген шектен шығудың жолын кесу үшін сот басқа өңірдің тергеу изоляторының аумағында өтеді. Жеке ұстанымым: үкім жалғыз болуы керек, сотталушы өмір бойы қоғамнан оқшау жүруі тиіс, – деді адвокат Талғат Есімов.

Іс бойынша үкім жақын арада шығарылады.

Айта кетейік, бірқатар ақпарат көздері таратқан ақпаратқа сәйкес, қызды зорлап, өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Күдікті бұрын сотталған 1975 жылы туған және нашақор болып шыққан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<