Сарыағашта бес жасар қызды 4 адам жабылып зорлағаны жайлы ақпарат жалған – полиция

521

0

Сурет ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Сарыағаштағы 5 жасар қызды 4 адам зорлағаны жайында жалған ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысының полиция департаменті Сарыағаш ауданындағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөзге ғана сүйенуге кеңес береді. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан тергеу нәтижесімен аталған қылмыстық әрекетті тек бір күдіктінің жасағаны дәлелденіп, ол қамауға алынған. Өзге адамдардың қатысы болуы мүмкін деген деректер мен дәлелдер жоқ» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратушыларға ҚР ҚК 274-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Еске салсақ, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз бала кісі қолынан қаза болды.

Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Пышақ жарақатынан қайтыс болған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін 14 шілде күні жерленді.

Кейінірек қыз зорлады деген күдікті мұның алдында адам өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырып келгені мәлім болды.

Осы іс бойынша салғырттық танытқан пробация қызметкерлерін тексеру басталды.

Түркістан облысының әкімі кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың отбасында болып, туыстарына көңіл айтты.

Күдікті 2 ай мерзімге қамалды.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<