Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Аудандық сот төрағасы қызметінен босатылады

649

0

Жоғарғы сот Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге мамыр айында заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгенін хабарлағанбыз. Президент оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. 14 шілде күні кісі қолынан көз жұмған 5 жасар бүлдіршіннің денесі жер қойнына тапсырылды.

Кейінірек Сарыағашта қыз зорлады деген күдікті мұның алдында адам өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырып келгені мәлім болды. Осы іс бойынша салғырттық танытқан пробация қызметкерлерін тексеру басталды. Түркістан облысының әкімі кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың отбасында болып, туыстарына көңіл айтты. Күдіктіні 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы санкцияланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<