WBA/WBC/IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин «Канело» Альвареспен күзде өтуі ықтимал қарымда айқасқа қатысты пікірін білдірді.
«Мен жылына үш-төрт рет жұдырықтасуға әзірмін. Егер Сауль күзге дейін дайын болса, бұл жекпе-жекті көрермендердің назарына ұсынамыз. Ал әзірге мен нақты болатын жекпе-жекке (Мартиросянмен) дайындалудамын», деп жазады Головкиннің сөзіне сілтеме жасаған Boxingscene.com.
Головкин кезекті жекпе-жегін 5 мамырда Карсондағы (Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өткізеді. Қарсыласы американдық боксшы Ванес Мартиросян.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<