Сауда үйінде сайлаушылармен кездесу өткізді

535

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы қоғамдық штабтың мүшелері Шахизада Әбдікәрімов пен Сәбит Әбіш «Жібек жолы» сауда орталығында болып, келушілерге референдумның маңыздылығы мен Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қоғамды толғандырған мәселелерді талқылады.

«Мемлекет басшысы ұсынған референдум өткізу бастамасы азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуды кеңейту және саяси процестерді терең демократияландыру туралы сұранысынан туындады. Осындай әлеуметтік маңызы бар міндеттерді іске асыру үшін конституциялық реформа қажет.

Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік береді», – деді облыстық штабтың мүшесі Ш.Әбдікәрімов.

Сондай-ақ штаб мүшелері қала тұрғындары тарапынан туындаған сауалдарға жан-жақты жауап беріп, 5 маусым күні өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<