Вячеслав Локшин, қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті:
– Еуропа қауымдастығының мәліметі бойынша, 1 миллион тұрғынға шаққанда бір жарымға жуық квота бөліну керек. Яғни, Қазақстанда жылына 20 000-нан астам квотаны жүзеге асыруымыз керек. Ал мемлекет тек 900-не ғана қаржы бөліп отыр. Бүгінде кем дегенде бұл көрсеткішті үш немесе бес есеге арттыру керек деп санаймын. Қазақстандағы репродуктивтік технологиялардың даму деңгейі Еуропа, АҚШ пен Оңтүстік-Шығыс Азия секілді дамыған елдерінен кем емес. Сонымен қатар соңғы 22 жылда біздің елімізге бедеулікті емдеу үшін 51 елден, атап айтқанда АҚШ, Австралия, Сингапурдан келушілер бар.
Равиль Валиев, жоғарғы санаттағы гинеколог-репродуктолог:
– Бізге Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен жұптар көп келеді. Өйткені, адам репродукциясы Ресейден басқа көрші елдерде кеңінен дамымаған. Қазақстандағы озық технологиялар мен білікті мамандардың тәжірибесі медициналық туризмнің дамуына да ықпал етуде. Оған біріншіден, басқа елдермен салстырғанда бағаның қолжетімдігі және Қазақстандағы рұқсат етілген көптеген бағдарламалар – суррогат ана, эмбрионды сақтау, эмбриондарды көптеп алу себеп болып отыр.
Авторлары: Алуа Маханбет, Анастасия Вылегжанина, Радик Жакупов
Дереккөз: 24.kz/kz





