Сегіз өңірде 42 мектеп жылыту маусымына дайын емес

707

0

Сурет ашық дереккөзден

Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде білім нысандары жылыту маусымына толық дайын болуы қажет болатын. Әкімдіктер ұсынған ақпарат бойынша, бүгінгі таңда білім ғимараттарының дайындығы 99,6% болып тұр. Сегіз өңірде 42 объект бойынша әлі де жұмыс жүріп жатыр. Оның ішінде 24 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Қалған нысандар бойынша жылу жүйесінде жөндеу жұмыстары аяқталмаған», – деді министр.

«Тоғыз өңірде 62 нысан бойынша дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Дайын емес мекемелердің ең көбі – Абай (28), Ақтөбе (12), Атырау (6) облыстарында», – деді Қанат Шарлапаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<