Сейсенбіде бүкіл ел аумағында қар жауады

400

0

Фото: Pixabay

Қазгидромет мамандары 19 желтоқсан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің бүкіл аумағында тұрақсыз құбылмалы ауа райы сақталады. Солтүстікте қар жауады, күндіз солтүстік-батыста толассыз қар жауады. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қазақстан бойынша боран соғып, көктайғақ болады, екпінді жел тұрады. Батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста тұман түседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<