Абай облысында құтқарушылар 21 жастағы қызды аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға бүгін, 17 маусымда Семейде болған.
Құтқарушы Әмір Жұматай «Кіші шұңқыр» су қоймасында жабдықталмаған жерде шомылған 2003 жылы туған әйелді судан құтқарды.
Аман қалған әйел аяғы тартылып, өзін жайсыз сезініп, суға батып кете жаздағанын айтты.
«ТЖМ барлық азаматты суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды», – деп ескертті ведомство.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<