Семей қаласында ТЖМ күшімен 20 жастағы ер адам құтқарылды.
112 пультіне ер адамның көпірден құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар тез арада оқиға орнына шықты.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықтың көмегімен зардап шегушіні іздестіре бастады. Көп ұзамай оны көпірдің жанындағы аралдан тапты.
«Алғашқы көмек көрсетіліп, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Семей орманындағы» өртеніп кеткен ағаштар сатылып жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<