Семейдегі көше тақтайшасында Сәкен Сейфуллиннің есімі қате жазылған

279

0

Фото: Видеодан скрин

Семейдегі Сәкен Сейфуллиннің есімі берілген көше тақтайшасында жазушының аты-жөнінде қате кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тақтайшаны жаңартқанда ақынның тегінде «л» әрпі түсіп қалған. Жауапты тұлғалар олқылықты дереу түзеуге уәде берді. Мердігер мекеме тақтайшалардың бәрін ауыстыратын болды.

«Қате байқаусызда болды. Жіберілген қатені түзеп, Сейфуллин көшесіне қайтадан тақтайша ілеміз. Конкурс ұтып алған мердігер ұйым қалпына келтіреді», – деді Семей ТКШ бөлімінің маманы Қанатжан Жылқыбаева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<