Əсемгүл Ердəулет – Əлем кубогының жеңімпазы

455

0

Əсемгүл Ердəулет – Əлем кубогының жеңімпазы Умаг қаласында (Хорватия) каратэден өтіп жатқан Əлем кубогында Сыр спортшысы Əсемгүл Ердəулет алтын жүлдені жеңіп алды.

Жарыстың алғашқы күнінде 14-15 жас аралығында 47 келі салмаққа дейін өнер көрсеткен Əсемгүл барлық қарсыластарынан басым түсті.

Ол қатысқан алты кездесудің нәтижесі: Латвия – 1:0, Италия – 4:0, Словакия – 4:0, Кипр – 1:0, Румыния (жартылай финал) – 2:0, Иордания (финал) – 3:0.

Кубок нəтижесінде жас каратэші, 2 ОРМБЖМ спортшысы Ə.Ердəулет биылғы жылдың қазан айында Чилиде өтетін Əлем чемпионатына жолдама алды.