Семинар өткізді

317

0

Семинар өткізді 2018-2020 жылдарға арналған «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында және Дүниежүзілік жүрек күніне орай 2018 жылдың қыркүйек айының 17 күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жеке құрам арасында медициналық-психологиялық бөлімінің құтқарушысы – медбике Ж. Сатыбалдиева «Жүрек қан тамыр аурулары профилактикасы» тақырыбы бойынша семинар ұйымдастырып, өткізді.
Аталған іс-шараға «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының валеолог маманы Қамбарова Жазира Болтайқызы және облыстық «Жастар денсаулығы» орталығының валеолог маманы Мазқожа Гүлназ Рысбекқызы қатысты. Семинар барысында қонақтар  тақырып бойынша бейнероликтер көрсетіп, жүрек-қан тамырларының аурулары туралы айтып берді. Семинар соңында  құтқарушылар қонақтарға көкейдегі сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға мамандар толық жауап беріп, үнпарақтарды таратты. Құтқарушылар қонақтарға ризашылығын білдіріп алғыс айтты.

  ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<