Сенат депутаттары ауданға келді

289

0

Фото: Шиелі ауданы

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов ауданға іс сапармен келді.

Сапар барысында депутаттар аудан әкімі Нұржан Ахатовпен бірге Бестам елді-мекеніне барып, іске асып жатқан жобалармен танысты.

Бұл ауылда биыл ауыл халқы көптен бері күткен 150 орындық жаңа мәдениет үйі мен дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары басталып, ел игілігіне берілмек. Сондай-ақ, берекелі Бестамда тұрғындардың кешқұрым отбасымен бірге тынығуы үшін әсем саябақ та салынуда.

Бұл жұмстарды көрген депутаттар ауылдағы іргелі істерге оң бағасын беріп, медициналық және мәдени нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшыларына сапалы жұмыс істеп, ел игілігіне уақытылы тапсыруды міндеттеді.

Мұнан соң, сенаторлар аудан орталығындағы «Арман» мәдениет үйінде құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу өткізді. Мұнда Парламент қабырғасында талқыланып жатқан заң жобалары туралы, сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша қысқаша тоқталып, өзара ой-пікір алмасты.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<