Сенат депутаттары Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді

431

0

Фото: Жалағаш ауданы

ҚР Парламенті сенатының депутаттары Г.Г.Шиповских және А.Г.Сатвалдиев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді.

Халық қалаулылары алдымен Жалағаш кенті орталығынан облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен жаңадан салынып жатқан «Руханият» орталығының құрылысымен танысты.

Музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар кеңесі, жастар орталығы, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарын біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталығы» ғимараты жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ, ҚР Парламенті сенатының депутаттары Жалағаш кентінде этнос өкілдері мен ардагерлермен кездесу өткізіп, еркін пікір алмасулар жүргізілді.

Кездесу барысында көтерілген мәселелер тыңдалып, заң аясында ұсыныстар енгізетіндіктерін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<