Сенаторлар Сырдария ауданында

474

0

Фото: Сырдария ауданы

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Руслан Рүстемов пен Наурызбай Байқадамов жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болды.

Ең алдымен жұмыс сапары Тереңөзек кентінен салынып жатқан, 2024 жылға әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін сатып алынатын тұрғын үйлер құрылысымен танысты.
2024 жылға қос пәтерлі 50 тұрғын үй (100 пәтер) сатып алуға ҰҚ-дан 1 млрд.480 млн.640 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда барлық тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталған. 1 пәтердің жалпы алаңы – 82,5 шаршы метр. Бір пәтер құны – 14,8 млн. теңгені құрайды. Барлығы 100 пәтер бүгінде салынуда.

Келесі танысқан нысан ретінде Тереңөзек кенттінде салынып жатқан «Руханият» орталығының құрылысы болды. Бұл орталыққа құрылысы аяқталғаннан кейін музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар ұйымдары, жастар орталығы орналасатын болады.

Балалардың жаз мезгілінде тынығуы да сенаторлардың назарынан тыс қалмады. Аудандық «Жалын» тынығу лагеріне барып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру барысымен танысты. Бұл лагерде 4 ауысымда барлығы 485 бала қабылданып, жазғы тынығу уақыттарын өткізуде. Сенат депутаттары білім саласының мамандарымен кездесу барысында лагердің болашақ даму жоспарын талқылап, аудандық білім бөлімінің ұсыныстарын тыңдады.

Сенаторлар №132 Т.Айтбаев атындағы мектепке жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды оқу жылы басталғанша толық аяқтау қажеттігін атап өтті. Күрделі жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың тамыз айының аяғына дейін толық аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, аудан әкімі Б.Сәрменбаев аудан көлемінде білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына да тоқталып, жаңа оқу жылына дайындық барысын да атап өтті.

Сапар барысында сенатор Р.Рүстемов ен Н.Байқадамов аудандағы қоғамдық кеңес мүшелерімен және мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді. Кездесуде Парламент Сенатының VIII шақырылымының 2-сессиясында қабылданған заңдар туралы түсіндірме ақпараттар беріліп, аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<