«Сенуге болмайды»: Министр Алтай Айнабектің жасанды жаңбыр жауғызу технологиясына қатысты пікір білдірді

263

0

Фото: ашық дереккөздерден

Экология министрі Ерлан Нысанбаев өнертапқыш Алтай Айнабектің жасанды жаңбыр жауғызу технологиясына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әлемдегі ауа-райы болжамымен айналысатын ғалымдар мен мекемелер иондау тәсілін зерттеген. Олардың қорытындысы бойынша, бұл адам сеніңкіремейтін, нақты дәлелі жоқ тәсіл. Бұған көп сене беруге болмайды», – деді ол.

Оның айутынша, жақында еліміздің оңтүстік аймақтарына тоқтаусыз жауған жаңбыр болатынын синоптиктер алдын-ала болжаған.

«Гидромет болжамы бойынша сол күндері жаңбыр жаууы керек болатын. Алғашқы он күнге берілген болжам әркез нақты болады», – деді ол.

Министр Ерлан Нысанбаев Алтай Айнабекпен жеке кездесіп, сөйлеспегенін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<